Павлодар тұрғыны әскери комиссариатты сотқа беріп, жеңіліп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғыны әскери комиссариатты сотқа беріп, жеңіліп қалды Фото: Тұрар Қазанғапов

Павлодар тұрғыны әскери комиссариат үстінен арыз түсіріп, жеңіліп қалды. Жігіт денсаулығына байланысты әскерге бара алмаймын деп, шақыру комиссиясының шешіміне шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғыны әскери комиссариат үстінен арыз түсіріп, жеңіліп қалды. Жігіт денсаулығына байланысты әскерге бара алмаймын деп, шақыру комиссиясының шешіміне шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі мәліметінше, жеке емхана берген медициналық анықтамада жігіт қан қысымының жоғарылығы және жүрек ауруымен диспансерлік есепте тұрғаны айтылған. Диагнозды нақтылау үшін әскерге шақыру комиссиясы жігітті жан-жақты медициналық тексеруге жіберген. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, жекеменшік емханада қойылған диагноз расталмаған.

"Сотта амбулаториялық жағдайда қан қысымын тәуліктік бақылау жүргізілмегені анықталды. Жеке клиниканың кардиологы талапкерді тексерусіз диспансерлік есепке қойды. Медициналық ұйымның заңбұзушылықтары талапкер үшін жағымсыз салдарға әкелді. Дұрыс қойылмаған диагнозға байланысты ол әскери қызметке жарамсыз деп танылуы керек деп ойлады", - деді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, осы жерде анықталған заңбұзушылықтар бойынша сот дәрігерлік емхана мен Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне қатысты жеке ұйғарым шығарғаны хабарланды. Жеке қаулы заңды күшіне енгеннен кейін сотқа жеке емханадағы кардиолог дәрігердің тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети