Павлодар түрмелерінде жұмыспен қамтылғандар 25 мың теңге еңбекақы алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар түрмелерінде жұмыспен қамтылғандар 25 мың теңге еңбекақы алады © pavlodarnews.kz

Павлодарда абақтыда жазасын өтеп жатқандардың 50 пайыздан астамы жұмыспен қамтылған, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда абақтыда жазасын өтеп жатқандардың 50 пайыздан астамы жұмыспен қамтылған, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Порталдың мәліметінше, Павлодар облысында темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан азаматтардың саны - 3 мыңға жуық. Бүгінгі таңда олардың 53,5 пайызы жұмыспен қамтылған.

Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі, әделіт майоры Айгүл Сыздықованың айтуынша, сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында ведомство мамандары өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ал еліміз бойынша түзету мекемелерінде жазаларын өтеп жатқандардың 48 пайызы екі қолға бір күрек тапқан.

"Павлодар облысындағы 5 түзету мекемесінде жұмыспен қамтылған тұрғындар 25 мың теңге көлемінде еңбекақы алады. Жуырда Шідерті ауылындағы қоныс колониясындағы 15 адам "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жол құрылысшысы мамандығы бойынша білім алып, сертификаттарға ие болды. Алдағы уақытта олар республикалық маңыздағы "Астана-Павлодар" тас жолын салуға атсалыспақ", - деді Сыздықова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети