Павлодардағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 17 ересек пен үш бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Павлодардағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 17 ересек пен үш бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Өрт Ткачев көшесі № 11 үйде болған.
"16 қаңтарда сағат 14:44-те № 3 өрт сөндіру бөлімшесіне Ткачев көшесінде орналасқан онқабатты № 11 үйдің бірінші кіреберісіндегі бесінші қабатта өрт басталғаны хабарланды", - делінген жергілікті ТЖ департаментінің баспасөз хабарламасында.
ТЖД-дің үш өрт сөндірушісі терезе арқылы өрт басталған үйге кіріп, жалпы бес шаршы метр аумақ өртеніп жатқанын анықтаған. Ведомство мәліметінше, өрт отты абайсыз қолданғандықтан болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.