Павлодарда 54 жастағы ер адам өрттен құтқарылды

Павлодарда 54 жастағы ер адам өрттен құтқарылды © pavlodarnews.kz

Павлодардағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 17 ересек пен үш бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 17 ересек пен үш бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Өрт Ткачев көшесі № 11 үйде болған. 

"16 қаңтарда сағат 14:44-те № 3 өрт сөндіру бөлімшесіне Ткачев көшесінде орналасқан онқабатты № 11 үйдің бірінші кіреберісіндегі бесінші қабатта өрт басталғаны хабарланды", - делінген жергілікті ТЖ департаментінің баспасөз хабарламасында. 

ТЖД-дің үш өрт сөндірушісі терезе арқылы өрт басталған үйге кіріп, жалпы бес шаршы метр аумақ өртеніп жатқанын анықтаған. Ведомство мәліметінше, өрт отты абайсыз қолданғандықтан болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети