Павлодарда Абай ескерткішіне жұмыртқа мен әжетхана қағазын лақтырған ер адам әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда Абай ескерткішіне жұмыртқа мен әжетхана қағазын лақтырған ер адам әрекетін түсіндірді Видеодан алынған

Павлодарда сүйіктісімен ұрысып қалған тұрғын әкімдік ғимараты жанындағы Абай ескерткішінен өшін алған. Ер адам ескерткішке жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда сүйіктісімен ұрысып қалған тұрғын әкімдік ғимараты жанындағы Абай ескерткішінен өшін алған. Ер адам ескерткішке жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғадан кейінгі көріністі куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрлардан Абай Құнанбаевтың ескерткішінде ластанған іздер қалғаны, ал маңайында дәретхана қағазы мен жұмыртқа қабығы шашылып жатқанын көруге болады.

Instagram әлеуметтік желісінде видео пайда болғаннан кейін полиция қызметкерлері кінәлі ер адамды ұстаған. Ол 21 жастағы павлодарлық болып шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

"Ер адам өз әрекетін сүйіктісімен ұрысып қалғаннан кейін мас күйінде жасағанын түсіндірді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауапқа тартылған. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Бап санкциясы он тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді.

Сонымен қатар, тәртіпбұзушы ҚР ӘҚБтК-ның 440-бабы бойынша қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған бес айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынған. Сондай-ақ, павлодарлық өз әрекеті үшін өкінентінін айтып кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети