Павлодарда ағасы мен қарындасына қорлық көрсеткен екі тұрғын сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда ағасы мен қарындасына қорлық көрсеткен екі тұрғын сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған ағасы мен қарындасына зорлық көрсеткен 24 және 23 жастағы екі ер адамды соттады. Екеуі де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған ағасы мен қарындасына зорлық көрсеткен 24 және 23 жастағы екі ер адамды соттады. Екеуі де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

15 жастағы колледж студенті мен оның 16 жастағы ағасына қатысты қылмыс өткен қарашада Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде әшкере болды. Полиция мәліметінше, жасөспірімге жасалған зорлық-зомбылық қарындасын зорлау дерегі бойынша тергеу барысында ғана белгілі болған.

Тергеу мен сот нені анықтады?

Екі жағдайда да күдіктілер жергілікті тұрғын болып шықты. Олар ұсталған соң қамауға алынып, жасөспірімдер жалғыз басты анасымен бірге уақытша дағдарыс орталығына орналастырылған. Онда оларға психологиялық кеңестер беріліп, оқуын жалғастыруға көмек көрсетілген.

Сот маусымда басталып, бірнеше айға созылды. Сотталушылар кәмелетке толмағандарға сексуалдық зорлық көрсетті деп айыпталған.

"Сотталушыларға 121-баптың 3-1-бөлігі 1-тармағы және 122-баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылды. Негізгі фигурантқа 121-баптың 4-бөлігі, 120-баптың 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша да айып тағылды".

Сот жабық режимде өтті. Үкім жарияланған соң судья Құдабай Сұлтанов істің мен-жайын айтты. Жәбірленуші оқушы қыз жүкті екенін білген соң қылмысы туралы айтқан. Қыздың айтуынша, ол алғаш рет 10 жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Оның ағасы да жарақат алғаны белгілі болды. Тексеру кезінде кәмелетке толмаған балада да тік ішек жарақаты бар екені анықталды.

Үкім

Сот айыпталушыларды жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танып, бірін 22 жылға, екіншісін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Олар жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады. Сондай-ақ сотталғандардың әрқайсы моральдық шығын үшін жәбірленушілерге бір миллион теңгеден өтемақы төлеуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети