Павлодарда алимент төлемегендердің көлігін тартып алып жатыр

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда алимент төлемегендердің көлігін тартып алып жатыр © instagram/bbakauov

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram желісіндегі парақшасында алимент төлемейтіндерді анықтау жөніндегі жұмыстың алғашқы нәтижелерін айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram желісіндегі парақшасында алимент төлемейтіндерді анықтау жөніндегі жұмыстың алғашқы нәтижелерін айтты.

"Өңірлік палатадағы жеке сот орындаушыларының мәліметі бойынша, осы аптада төрт алимент төлейтін адамның автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Олардың бірі бірден 520 мың теңге көлемінде барлық қарызын өтеді. Тағы бір көлік тұрақтан шықты, ер адам оны алимент есебінде бұрынғы жарының атына жазды. Қалған екі автокөлік бағаланғаннан кейін сатылады, ал одан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалады", - деп жазған аймақ басшысы.


© instagram/bbakauov

Алимент төлемейтіндердің мәселесін қолға алуды Болат Бақауов осыдан бір апта бұрын көпбалалы аналардың проблемасын шешу жайлы кеңес барысында уәде берген, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz тілшісі. 

Ол кезде аймақ басшысы биліктегілер жұмыс берушілерден алимент төлейтіндерге тек "ақ" жалақы беруді талап ететінін хабарлаған. Сонымен қатар, әкім олар өз балаларының алдындағы міндетінен жалтармау үшін, сот орындаушыларының жұмысын күшейтуді және діни қызметкерлерді профилактикалық жұмысқа тартуды тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети