Павлодарда анасы сәбиін ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысының үйінде тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда анасы сәбиін ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысының үйінде тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар прокуратурасы астыртын алкоголь өндірісімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысының пәтерінен нәрестенің табылғаны жөнінде айтып берді.
"46 жастағы күдікті әйелдің пәтерін тінту барысында бөтен үш айлық бала табылды. Ұсталған адаммен бірге сол пәтерде 1984 жылғы әйел 2004 жылғы ұлымен тұрған. Соңғысының қылмыстық іске қатысы бары анықталған жоқ", - деді Павлодар прокуроры Ержан Бөлегенов.
Табылған сәби ұсталған әйелдің туысының баласы екені анықталды.
"Баланың анасы кім екені анықталды. Оның айтуынша, ол Екібастұзға бірнеше күнге кетуі тиіс болған, сол себепті баласын туысының үйіне тастап кеткен. Ұсталған әйелдің айтуынша, нәресте соның пәтерінде бір айдан аса уақыт бойы тұрған. Қазіргі уақытта сәби облыстық балалар ауруханасында жатыр. Баланың жағдайы қалыпты", - деді Бөлегенов.
Прокурордың айтуынша, қазіргі уақытта ювеналдық полиция баланың ата-анасын сәбиін тастап кеткені үшін жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр. Жаңа туылған қыздан басқа бұл отбасында тағы төрт бала бар екен.
Ұсталған әйел астыртын алкоголь цех ашып, тауарды Семейге, Ресей Федерациясына жөнелтіп отырған. Прокурордың мәліметінше, қылмыстық топ осы іспен соңғы екі жыл бойы айналысып келген. Дәл осы аралықта алкогольдік ішімдіктен уланғандар жиілеп кеткен. Сол цехте өндірілген шарап, коньяк, арақ және вискилер түпнұсқадан айыру өте қиын.
"Күніне 120 жәшік алкогольдік өнім өндіріліп отырған. Тауар дер кезінде кетіп отырған. Қаланда 16 астыртын цех болған. Осы өндірісте техникалық спирт қолданылды деген болжам бар. Сараптама жүріп жатыр", - деді Павлодар прокуроры.
Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық топтың 15 мүшесі болған. Топты құрған павлодарлық 46 жастағы әйел мен оның 36 жастағы көмекшісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сонымен қатар осы істе 40 жастағы тағы бір әйел ұсталған.