19 ақпан 2014 23:01

Павлодарда әр отбасы жыл бойы бір тоннаға жуық қоқыс шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Павлодарда әр отбасы жыл бойы бір тоннаға жуық қоқыс шығарады. Бұл туралы тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне қатысты өткен аппарат жиынында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс басшысының айтуынша, Павлодар облысында тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын бірде бір мамандандырылған орын жоқ. "Бірде бір қалада, бірде бір ауданда экологиялық заңнамаға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жоқ. 321 қоқыс тастайтын орынның тек 191-інде ғана жер телімдері рәсімделген. Қоршаған ортаға эмиссия жасауға рұқсат тек қалаларда ғана бар. Облыста тұрмыстық қалдықтың 4,5 млн тоннасы жиналып қалған. Десекте, әрбір отбасы жылына 700 келіге жуық қоқыс тастайды", - деді облыс әкімі. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысының мәліметінше, арнайы жабдықталған полигон болмағандықтан, тұрмыстық қатты қалдықтар рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарға да тасталынып жатыр. "Қоқыстар экологиялық және санитарлық талаптарды орындай алмайтын біріккен қоқыс тастайтын орындарға жиналады. Сонымен бірге қоқыс тастайтын орындардың өзіне тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға рұқсат берілмеген. Сондықтан қалада және аудандарда жаңа қоқыс тастайтын полигондардың құрылысын жүргізу мәселесін қарайтын уақыт жетті",- дейді облыстық қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік Әбсалықов. Өз кезегінде аймақ басшысы қарамағындағыларға тек деректерді ғана келтіріп қоймай, нақты әрекетке көшу керектігін айтты. "Біз қоқыстарды қайта өңдеуге көшудің орнына әлі күнге дейін баяғы қалпымызда тұрмыз. ХХІ ғасырда тұрмыстық қатты қалдықтарды талқылап отырғанымыз, бұл біздің жалпы мәдениетіміздің деңгейін көрсетеді. Қалай болса солай жинаймыз, қалай болса солай шығарып тастай саламыз. Сосын осының арасында өмір сүреміз, балаларды өсіреміз. Сондықтан қалайда Павлодарда полигон құрылысын салу мәселесін шешуіміз керек. Осы жылы бұл нысанның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындаған жөн. Биыл және келесі жылдың басында қала мен аудандарда да полигондардың қарқынды құрылысын бастауға тиіспіз", - деді Павлодар облысының әкімі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети