03 ақпан 2021 | 16:39

Павлодарда арнайы орталық тәрбиеленушілері антисептик ішкен: оқиғаның мән-жайы белгілі болды 

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Павлодар арнайы орталығының тәрбиеленушілері 2,5 стақан сумен араласқан антисептикті ішіп, уланып қалды. Салдарынан қыздардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар арнайы орталығының тәрбиеленушілері 2,5 стақан сумен араласқан антисептикті ішіп, уланып қалды. Салдарынан қыздардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2003 жылғы науқас 2 қаңтарда сағат 18.30-да "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау өңірлік орталығынан" Павлодар облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Оған белгісіз заттың уытты әсері, мидың ісінуі диагнозы қойылып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Қарқынды терапия басталды, бірақ емге қарамастан 20.00-де қыздың жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық іс-шаралар жарты сағат өткізілді, бірақ нәтижесіз", - деп түсіндірді облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз қайтыс болғаннан кейін үш сағаттан соң осы ауруханаға арнайы орталықтың тағы екі тәрбиеленушісі жеткізілген.

"2004 жылғы науқастар "улану" диагнозымен орташа ауырлықта түсті. Оларға емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. 14 қаңтарда олар ауруханадан шықты, ол уақытта жағдайлары қанағаттанарлық болды. Денсаулықтары бұзылмаған, тәбет жақсы, белсенді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл суицид емес.

"Қыздардың айтуынша, 1 қаңтарда сағат 20.30-да олар сумен араласқан екі жарым стакан "МД-1-Антисептигін" ішкен. Түн тыныш өткен, кәмелетке толмағандардың айтуынша, оларды ештеңе мазаламаған, бірақ таңертең жүрек айнып, құсқан. Медицина қызметкерлері мен тәрбиешілер бұл туралы білмеген", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда арнайы орталық тәрбиеленушілері антисептик ішіп, бір қыз қайтыс болғаны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная