03 ақпан 2021 08:57

Павлодарда арнайы орталық тәрбиеленушілері антисептик ішкен: біреуі қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Павлодарда арнайы орталықтың үш тәрбиеленушісі антисептик ішіп, қатты уланған. Кәмелетке толмағандар ауруханаға жеткізілді, біреуі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда арнайы орталықтың үш тәрбиеленушісі антисептик ішіп, қатты уланған. Кәмелетке толмағандар ауруханаға жеткізілді, біреуі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайтыс болған қыз 2003 жылы туған, қалған екеуі 2004 жылы туған екен. Қайғылы оқиға биыл 2 қаңтарда болыпты. Бүгін бұл ақпаратты ресми органдар растады.

"Антисептик қолданған бойжеткен уланып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Кейінірек, өкінішке қарай, ол қайтыс болды. Ауруханаға жеткізілген тағы екі қыз сауығып кетті. Қазір олардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ", - деді Өмірі қиын жағдайдағы балаларды қолдау аймақтық орталығының директоры Николай Қожахметов.

Оның айтуынша, оқиға кезінде тәрбиеленушілер арнайы орталықтың медициналық блогында болған, бірақ балалар үшін антисептик кез келген жерде қолжетімді болған.

"Бізде бұл санитайзерлер әр бес метр сайын ілініп тұрды. Біз тіпті біреу бұл антисептикті ішеді және мұндай қайғылы жағдай болады деп ойламадық", - деді Қожахметов.

Дәрігерлердің айтуынша, 17 жастағы науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оны құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Алайда бір жарым сағаттан кейін қыз есін жимастан қайтыс болған. Кейін тағы кәмелетке толмаған екі бала уланып ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер олар жағдайы ауыр болмаған соң тез сауыққанын айтты. 

Қайтыс болған қыз Ақсуда колледждің екінші курсында оқыған. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

"Аталған дерек бойынша Павлодар полиция басқармасы ҚР ҚК-нің "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" 115-бабы және "немқұрайлылық" 371-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Тергеу нәтижесі бойынша қабылданған процессуалдық шешім туралы хабарлаймыз", - деп түсіндірді аймақтың ПД баспасөз қызметіндегілер.

Осы баптардың санкциялары белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан төрт жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети