Павлодарда ауа райының қолайсыздығы "Эйр Астана" ұшақтарын кешіктірді

Павлодар әуежайы. ©Airlines-inform.ru

"Эйр Астана" компаниясының ұшақтары Павлодардағы ауа райының қолайсыздығынан кешіктіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың диспетчерлік қызметіне сілтеме жасап. Павлодарда қалың тұманның басып тұрғанына екі күн болды.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана - Павлодар және Павлодар - Астана бағыттарындағы 315/316 рейстері кешіктірілді. Ұшақтардың ұшып кету уақыты қауіпсіздікті сақтау мақсатында өзгертілді. Ұшып кету уақыты шамамен 19.50 және 20.50", - деп хабарлады әуежайдың диспетчерлік қызметінің мамандары. Мұнымен қатар, Алматы - Павлодар және Павлодар - Алматы бағытындағы 305/306 рейстер де кешіктіріліп жатыр. Павлодардағы ауа райына байланысты олардың ұшып кету уақыты 7 қараша күнгі сағат 14.30-ға және 15.30-ға ауыстырылды. 

"Бұл - алдын ала бекітілген уақыт. Біз ауа райы жағдайына қараймыз. Әзірше көріну мүмкіндігі ұшуға жеткіліксіз болып тұр", - деді диспетчерлік қызмет өкілдері. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 6 қарашада "Эйр Астана" әуе компаниясының Астана - Павлодар бағытындағы рейсінің кешігуіне Павлодардағы ауа райы себеп болды. Ұшақ қалың тұманнан әуежайға қона алмай, Астанаға қайтып кетті. Сонымен бірге, 6 қараша күні ауа райының қолайсыздығынан Астанада ұшып келу және ұшып кету рейстері кешіктірілген болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама