05 қараша 2014 11:45

Астанада тұман 9 әуе рейсінің кешігуіне себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанадағы ауа райы тоғыз әуе рейсінің кідіріп қалуына себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана уақыты бойынша 10.50-дегі мәліметке қарағанда тоғыз әуе рейсі кешіккен.


Астанадағы ауа райы тоғыз әуе рейсінің кідіріп қалуына себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана уақыты бойынша 10.50-дегі мәліметке қарағанда тоғыз әуе рейсі кешіккен.

"Жалпы 9 рейс кідіріп жатыр, олардың екеуі ұшып кету рейстері. Үрімжі бағытындағы қытайлық әуе компаниясының бір рейсі кесте бойынша 10.25-те келуі керек болған, 3 сағатқа кешігіп жатыр. Ақтау бағытындағы SCAT рейсі екі сағатқа кешігіп жатыр. Астанаға ұшып келу бойынша 7 рейс кідіріп тұр: SCAT әуе компаниясының үш рейсі, қытайлық компанияның бір рейсі, бір "Жетісу" рейсі және "Эйр Астана" әуе компаниясының екі рейсі. Мұндай кідірістің себебі - метеожағдайлар: тұман, көру мүмкіндігінің нашарлығы", -деп хабарлады "Астана халықаралық әуежайы" АҚ маркетинг бөлімінің бастығы Людмила Копейчук. 

Копейчуктың айтуынша, Астана әуежайы штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұр. Түстен кейін тұман сейіліп, ұшу жалғасады деген сенім бар. "Қазіргі уақытта Астана әуежайында температура - 4 градус, вертикалды көру мүмкіндігі 50 метр, тұман", - деді Людмила Копейчук. 

Айта кетейік, Астананы бірінші қарашадан бастап тұман басты, синоптиктер мұны оңтүстік циклондардың суық ауа массаларымен алмасуынан деп түсіндірді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети