Қазақстандықтар 2026 жылы қай елдерге визасыз бара алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 2026 жылы қай елдерге визасыз бара алады? Фото:depositphotos.com

2026 жылы қазақстандықтар визасыз бара алатын елдердің тізімі тағы да кеңейді. Кейінгі екі жылда Қазақстан бірнеше танымал бағыт бойынша жаңа келісімдер жасасып, елге кіру шарттарын жаңартты. Басты өзгерістердің қатарында Мароккомен визасыз режимнің іске қосылуы, Арменияға барудың жаңа ережелері, сондай-ақ бірқатар елде болу мерзімдерінің жаңартылуы бар. Tengri Travel 2026 жылы Қазақстан азаматтары қай елдерге визасыз бара алатынын және сапар алдында қандай шектеулерді ескеру қажеттігін баяндайды.


2026 жылы қазақстандықтар визасыз бара алатын елдердің тізімі тағы да кеңейді. Кейінгі екі жылда Қазақстан бірнеше танымал бағыт бойынша жаңа келісімдер жасасып, елге кіру шарттарын жаңартты. Басты өзгерістердің қатарында Мароккомен визасыз режимнің іске қосылуы, Арменияға барудың жаңа ережелері, сондай-ақ бірқатар елде болу мерзімдерінің жаңартылуы бар. Tengri Travel 2026 жылы Қазақстан азаматтары қай елдерге визасыз бара алатынын және сапар алдында қандай шектеулерді ескеру қажеттігін баяндайды.

2026 жылы не өзгерді?

Негізгі жаңалықтардың бірі Мароккомен визасыз режимнің ресми түрде іске қосылуы болды. Екі ел арасындағы келісім 2025 жылғы 19 наурызда күшіне енді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, екі елдің азаматтары әр алты ай сайын екінші мемлекеттің аумағында 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады. Енді қазақстандықтар Марокконың Марракеш, Касабланка, Фес және басқа да қалаларына визасыз бара алады.

Тағы бір маңызды өзгеріс Оманға қатысты. Бұған дейін визасыз режим тек 14 күнге жарамды болса, енді болу мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды.

"Оман Сұлтанатының Сыртқы істер министрлігі ұлттық паспорты бар Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимнің ұзартылғанын жариялады. Енді Қазақстан азаматтары Оман аумағында 30 күнге дейін бола алады", - деп хабарлады СІМ.

Бұл ретте ведомство визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайтынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Армения азаматтардың болуының жаңа ережелері туралы келісті. Келісім 90 күнге дейінгі мерзімге визасыз сапарларды қарастырады. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 30 күн болғаннан кейін азаматтарға ішкі істер органдарында тіркелу қажет болатынын түсіндірді.

Одан бөлек Қазақстан Түрікменстанмен визасыз режим енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

2026 жылы қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

14 күнге дейін

Қазақстандықтар екі аптаға дейін мына елдерде визасыз бола алады:

  • Гонконг;
  • Иран;
  • Макао.

@chinascapelens Hong Kong's Vertical Ocean of Lights🌃 Where skyscrapers become neon waterfalls cascading into Victoria Harbour. ‼️ Curious about the best times and places to experience this urban wonder? Message me for personalized advice! #Travel #TravelTips #China #HongKong #UrbanPhotography ♬ 原聲 - 1377 - Y.

30 күнге дейін визасыз режим қолданылатын елдер

Ең үлкен санат - қазақстандықтар бір айға дейін визасыз демала алатын бағыттар. Олардың арасында танымал туристік елдер де, көпшілікке аса таныс емес бағыттар да бар.

Тізімге мыналар кіреді:

  • Аргентина;
  • Бразилия;
  • Вьетнам;
  • Катар;
  • Қытай;
  • Малайзия (кіру үшін электронды миграциялық карта - MDAC қажет, оны елге кіруден кемінде 3 күн бұрын толтыру керек);
  • Мальдив аралдары;
  • Марокко;
  • Никарагуа;
  • БАӘ;
  • Оман;
  • Сейшель аралдары;
  • Сербия;
  • Тайланд;
  • Филиппиндер;
  • Черногория - маусымдық, 2026 жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін;
  • Эквадор;
  • Оңтүстік Корея (Кореяға кіруге электронды рұқсат алу жүйесі - K-ETA қолданылады).

Сондай-ақ Барбадос аралдарында 28 күнге дейін визасыз болуға болады.

@jesslianne.x Your sign to visit Barbados in 2026✈️#creatorsearchinsights #barbados #holidays #travel #visitbarbados ♬ som original - 𝙫𝙞𝙘𝙠𝙞𝙚★

60 күнге дейін визасыз

2025 жылы Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз болу мерзімін 60 күнге дейін ұзартқан болатын, алайда 2026 жылға арналған өзекті деректер бойынша ұлттық паспорт иелері үшін 30 күнге дейінгі визасыз режим әрекет етеді.

Қазақстандықтар 60 күнге дейін тек Доминикан Республикасында визасыз бола алады. Бұл ретте визасыз режим тек туристік мақсатта ғана жарамды.

@soybrioso Days in Punta Cana 🌴 Paradise feels different here… Tag someone you wish you were here with ✨ #d#dominicanp#puntacanac#caribbeani#islandlife ♬ suono originale - Federicaciriesi

90 күнге дейін

Бірнеше танымал бағыттар қазақстандықтарға үш айға дейін визасыз жүруге мүмкіндік береді.

Олардың ішінде:

  • Әзербайжан;
  • Албания;
  • Андорра;
  • Армения;
  • Беларусь;
  • Грузия;
  • Колумбия;
  • Қырғызстан;
  • Молдова;
  • Моңғолия;
  • Ресей (2026 жылғы 1 шілдеден бастап кіруге арналған электронды рұқсат (RUID) жүйесі қолданылады);
  • Сан-Марино;
  • Сент-Китс және Невис;
  • Сент-Винсент және Гренадиндер;
  • Тәжікстан;
  • Тунис;
  • Түркия;
  • Өзбекстан;
  • Украина.

Бұл ретте Түркия үшін мынадай шектеу бар: елде болудың жалпы мерзімі 180 күн ішінде 90 күннен аспауы тиіс.

Ресейде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап RUID кіруге арналған электронды рұқсат жүйесі енгізіледі.

@yuna_albania Биыл жазда Албанияға кім барады? 🇦🇱 #destination #albania #vacances #albanie #soirees ♬ original sound - 𝄞.K͎R͎O͎N͎O͎S͎X͎

Қай жерде тіркеу талап етіледі?

Тіпті визасыз режим болса да, кейбір елдерде сапар ұзаққа созылса, көші-қон органдарына тіркелу қажет. Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Арменияда 30 күн болғаннан кейін тіркеу талап етіледі.

Ұшып келген кездегі виза

Кейбір бағыттар бойынша визаны алдын ала ресімдеудің қажеті жоқ, рұқсатты елге ұшып келгеннен кейін алуға болады.

Мұндай режим келесі елдер үшін қолданылады:

  • Замбия;
  • Индонезия;
  • Маврикий.

Сапар алдында не нәрсеге назар аудару керек?

Визасыз режимге қарамастан, елдер туристерге қосымша талаптар қоюы мүмкін. Көбінесе бұл кері билеттің, тұрғын үй бронының болуына немесе қаржылық қаражатты растауға қатысты болады.

Сонымен қатар саяхатшыларға паспорттың қолданылу мерзімін және бос беттердің бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес беріледі. Туристер сапар алдында дәл осы жайтты жиі ұмытып жатады.

Сондай-ақ елде болу мерзімдерін сақтау маңызды. Көші-қон ережелерін бұзу айыппұлдарға немесе елге қайта кіруге шектеулерге әкеп соғуы мүмкін.

TengriTravel
;