25 тамыз 2023 | 15:55

Павлодарда аяқталмаған студенттік жатақхананы элиталық тұрғын үй кешеніне айналдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©Tengrinews.kz Сурет ©Tengrinews.kz

Павлодарда болашақ педагогтер үшін салынып жатқан жатақхана элиталық тұрғын үй кешеніне айналған. Жүздеген студент уәде етілген орынсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда болашақ педагогтер үшін салынып жатқан жатақхана элиталық тұрғын үй кешеніне айналған. Жүздеген студент уәде етілген орынсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2019 жылы көктемде университет жатақханасының құрылысына жергілікті мектептердің бірінің аумағындағы жер учаскесі берілген. 820,5 миллион теңгеге жалға алу құқығын сатып алған жеке фирма 550 студентке арналған 5 қабатты ғимаратты бір жыл ішінде салуға уәде берген. Алайда құрылыс бірнеше жылға созылып, кейінірек олар студенттерге мүлде баспана салмағаны белгілі болды.

Бұл жағдай павлодарлық жылжымайтын мүлік агенттіктерінің бірі пәтерлерді сату туралы жариялаған күні белгілі болды. Павлодар әкімдігі жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгермегенін хабарлады.

"Университет пен ЖШС арасындағы келісім негізінде аталған учаскеде университет студенттеріне арналған жатақхана салу жоспарланған болатын. Бірақ ЖШС жоғары оқу орны мен қала әкімдігіне хабарламай, учаскені жалға алу құқығын сатып жіберген. Бүгінде инвестор қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны үшін сот ісі жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, әкімдік нысанды қабылдау бойынша өтініш келмегенін де атап өтті.

"Салынған объектіні алып-сатып, пайдалануға қабылдау бекітілгені туралы актсіз жол берілмейді. Салынған объектінің толық дайын екені құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады. Бұл нысан пайдалануға әлі берілмеген. Пайдалануға беру бойынша өтініш түскен жоқ", - деп толықтырды Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үй кешенінің жаңа иесі осы күзде элиталық үйді тапсыруға дайындалып жатқанына қарамастан, павлодарлық білім ордасы ЖШС-мен сот ісі әлі аяқталмағанын мәлімдеді.

"Университет Жоғарғы сотқа Павлодар облыстық сотының шешіміне кассациялық шағым дайындап жатыр. Қазір жатақханадағы 700 орынға қажеттілік бар. Бұл тапшылықты азайту үшін университет Павлодар қонақүйі және жатақханасымен 600 орынға меморандум жасады", - деп түсіндірді Әлкей Марғұлан атындағы ПМПУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Серік Ілиясов.

Сурет ©Tengrinews.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети