Павлодарда бала терезеден құлап кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда бала терезеден құлап кетті Фото:depositphotos.com

Павлодарда алты жастағы бала 6-қабаттағы терезеден құлап, көз жұмды. Қазір полиция тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда алты жастағы бала 6-қабаттағы терезеден құлап, көз жұмды. Қазір полиция тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға 2 маусымда болған.

"2019 жылы туған бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Өкінішке қарай, бала алған жарақатынан көз жұмды. Балкон әйнекпен жабылған. Пәтерде анасы мен әпкесі болған, анасы ас үй шаруасымен айналысып жүрген", – делінген хабарламада.

Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

Соңғы уақытта балалардың терезеден құлау оқиғалары жиілегендіктен, полиция кішкентай балаларды ашық терезе немесе балкон бар бөлмеде қараусыз қалдырмауға шақырады.

Көп жағдайда балалардың құлауына себеп – дұрыс бекітілмеген торлар немесе ашық балкон терезелері. Балалар торға сүйеніп, құлап кетуі мүмкін.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, ата-аналар көбіне үйден шығып кетеді немесе шаруамен айналысып, балалардың қызығушылығы мен белсенділігін ескерусіз қалдырады.

Баланы терезеден немесе балконнан құлау қаупінен қорғау үшін мына ережелерді есте ұстауы тиіс:

  • арнайы қорғаныссыз торларды пайдаланбаңыз;
  • терезелерге бала өзі аша алмайтындай құлыптар немесе кілтпен жабылатын тұтқалар орнатыңыз;
  • бала терезе немесе балкон жанында ойнап жүрсе, оны қараусыз қалдырмаңыз;
  • сақ болыңыз және мұқият бақылаңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети