Павлодарда балабақшадардың бірінде балалардың ұрып-соғылғаны түсірілген видеодан кейін тәрбиеші жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда балабақшадардың бірінде балалардың ұрып-соғылғаны түсірілген видеодан кейін тәрбиеші жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ата-аналардың бірі тәрбиешінің баланы ұрып жатқанын видеоға түсіріп алған. Осыған байланысты тәрбиеші жұмыстан қуылып отыр.
Видеодағы кадрлардан 3-4жасар баланың үстел үстінде отырған сәті көрсетілген. Сондай-ақ, видеодан тәрбиешінің олардың біріне орындарына отыруын бұйырғанын байқауға болады.
Ата-аналар видеоны балабақша басшылығына көрсетіп, тәрбиешіні жұмыстан босатуын талап еткен. Алайда директор қазіргі уақытта еңбек демалысында екен, ал директордың міндетін атқарушы мұндай мәселелерді шеше алмайды. Осыдан кейін балалардың ата-аналары видеоны әлеуметтік желілерге жүктеген
Ал Павлодар қалалық білім басқармасындағылар тәрбиешінің жазаланғанын хабарлады.
"Бұл оқиға 22 маусымда қалалық №38 орта балабақшасында болған. Тексеріс барысында тәрбиеші Коновалова 2012 жылғы екі тәрбиеленушіге қол жұмсағанын мойындады", - деді білім басқармасындағылар.
Өңірлік білім басқармасындағылар да бұл мәліметті растады.
"Осы оқиғадан кейін тәрбиеші бірден жұмыстан қуылды, сондай-ақ, директор басшысы міндетін атқарушы да бақылаудың болмағаны үшін жазаланды. Оған қатаң жаза қолданылды", - деді білім басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов.
Білім бөліміндегілердің айтуынша, балабақша директоры жұмысқа шыққан соң директорға қатысты қажетті шаралар қолданылатын болады.