Павлодарда есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі таратпақ болған 54 жастағы тұрғынды ұстады.
Ер адам тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырғанын, кейін оларды Павлодар аумағында құпия орындар арқылы сатуды жоспарлағанын мойындаған.
"Күдіктіні тінту барысында каннабис есірткісі бар екі орама мен үш темекі анықталды. Сонымен қатар, оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде есірткі, электрон таразы, орау құралдары және zip пакеттер тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 300 грамнан асты. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!