Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің №1 спортзалында "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының жанындағы "Нұр-Болашақ" студенттік ұйымының ұйымдастыруымен этникалық қазақ студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылына арналған "Тәуелсіздігіміз шарықта" атты дәстүрлі баскетбол және волейбол турнирі өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің №1 спортзалында "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының жанындағы "Нұр-Болашақ" студенттік ұйымының ұйымдастыруымен этникалық қазақ студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылына арналған "Тәуелсіздігіміз шарықта" атты дәстүрлі баскетбол және волейбол турнирі өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Турнирді "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалы және "Нұр-Болашақ" студенттік ұйымы ұйымдастырды.
Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, дәстүрлі турнирдың басты мақсаты - студенттерге ҚР-ның Тәуелсіздігінің жетістігін насихаттауымен қатар Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен "Отандастар қоры" КЕАҚ туралы ақпарат беріп түсіндіру, жастарға баскетбол және волейбол ойындарын насихаттау, үздік ойыншыны анықтап, облыс деңгейінде лига командасына қосу туралы ұсыныс жасау, жоғары оқу орындары арасындағы спорттық қарым-қатынастарды нығайту.
Турнирге Республика бойынша Түркменстан, Өзбекстан, Қытай, Монғолия елдерінен келіп еліміздің жоғарғы оқу орындарында, Павлодар қаласындағы коллеждерінде оқып жатқан студент жастардың баскетболдан 17 ұл, 4 қыз, волейболдан 12 құрама команда қатысты. Барлығы баскетболдан 21 волейболдан 12 команда жалпы 140-тай спортшы студент жастар қатысты.
Атап өтсек, Нұр-Сұлтан қаласынан 2 команда, Семей қаласынан ұлдардан 1 команда, қыздардан 1 команда, Көкшетау қаласынан 1 команда, Өскемен қаласынан 2 команда және Қарағанды қаласынан 1 команда, Павлодар қаласынан ПМУ-нен ұлдардан 4 команда, қыздардан 1 команда, ПМПУ-нен ұлдардан 4 команда, қыздардан 1команда, ПМПУ-нің колледжінен 1 команда және ИнЕУ-нен ұлдардан 3 команда қатысты.
Турнирде ерекше ойынау шеберлігін көрсеткен, ойын техникасын жақсы меңгерген Монголияның І дәрежелі спорт шеберілері Саленбаба Сапилсапи (ПМПУ), Қылыш Уатхан (ПМПУ-нің коллледжі), Ерболат Мейірбан, (Нұр-Сұлтан қаласы), Бауыржан Табиғат (Нұр-Сұлтан қаласы) және волейболдан Серикбол Нұрбанди (Қарағанды қаласы), Кентебай Марина (ПМУ) қатарлы жастар Павлодар облысы сондай-ақ Қазақстан Республикасының лига құрымына кіретіндей талантты екені аңықталды.
Жарысты Павлодар қаласы дене шыңықтыру бөлімі басшысының бұйрығымен бекітілген төрешілер алқасы, бас хатшы, медициналық қызметкерлер жүргізді.
Іс-шараны С.Торайғыров атындағы ПМУ, ИнЕУ, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық коллежінің, ПМПУ-нің мұғалімдері, колледж студенттері, жастар, БАҚ өкілдері, зиялы қауым өкілдері, облыс тұрғындары тамашалауға 80-ге жуық адам келді.
Баскетбол турнирінің жеңімпаздарына 1, 2, 3 орынға Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының кубоктары, медалдарі, мадақтау қағазы, ойын қатысқан барлық командаларға алғыс хат және арнайы сыйлықтары тапсырылды.
Баскетбол ойын түрінен ұлдар арасында 1-орын Нұрсұлтан қаласы "Күлтегін" командасы, 2-орын ПМПУ-нің "Достар" командасы, 3-орын ПМПУ-нің колледжі Brotherhood командалар иеленді. Қыздар арасында 1-орын ПМПУ-нің "Қыздар" командасы, 2-орын ПМУ "Қыздар" командасы, 3-орын Семей қаласы "КазГИЮУ қыздары" командасы. Волейбол ойын түрінен 1-орын ПМПУ-нің "Нұр-Болашақ" құрама командасы, 2-орын Қарағанды қаласы "Достар team" құрама командасы және 3-орын ПМПУ-нің "ПМПУ құрамасы" құрама командасы ие болды.
"Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" Павлодар облыстық филиалының мамандары жарысты қорытындылап облысымызда шетел жастар студенттері арасында дәстүрлі баскетбол және волейбол турнирін өткізіп отырмыз дейді.
Жалпы құрама командалардын дайындығы, жарысқа қатысқан студенттердің спорттық шеберлігі, ойынның техникасы жоғары деңгейде екенін басқа да спорт түрлерінен жарыс ұйымдастыратынын атап айтты.