Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицей жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицей жазаланды Видеодан алынған кадр

Павлодар облысында блокбекетте жүргізушіден ақша сұраған Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері погондарын шешуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында блокбекетте жүргізушіден ақша сұраған Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері погондарын шешуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, одан қызметтік куәлікті тапсыру талап етілгені айтылады.

Полиция департаментінің өкілдері әріптесінің әлі атақтан айырылмағанын айтты. Бұл шешімді сот қабылдайды дейді.

Еске салайық, мұның алдында Желіде Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицейдің видеосы тараған еді. Видео кадрларынан полиция қызметкерінің Германиядан Семейге келе жатқан жүк көлігі жүргізушісінен темекіге ақша қалдырып кетуін сұрағаны көрінеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети