Павлодар облыстық кардиологиялық орталықтың дәрігерлері 900 грамдық уақытына жетпей туылған үш айлық қыздың өмірін аман алып қалды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Бұл туралы басылымға Павлодар облыстық кардиологиялық орталықтың жүрек ақауымен туылғандар бөлімінің жетекшісі Тимур Райымханов мәлімдеді.

Нәресте 6 тамызда жүктіліктің 24 аптасында дүниеге келген. "Негізінде хирургтар мұндай жастағы сәбилерге ота жасауға бара бермейді, оларды тек дәрі-дәрмектің көмегімен емдеуге тырысады, себебі кішкентай сәбидің ағзасының барлығы тым нәзік әрі кіші болғандықтан, қан кетіп қалу қауіпі зор. Алайда бұл сәби жасанды жолмен желдетупалатасында үш ай бойы жатты, ешқандай өзгеріс болмады, салмақ та қоспады. Оған дереу ота жасау керек болды", - деп түсіндірді Райымханов.
Дәрігердің айтуынша, ота өте сәтті жасалған - кішкентай қызды жасанды дем алу аппаратынан шығарған. Екі апта ішінде оның салмағы 1,200 келіге дейін өскен.