23 қараша 2019 15:19

Павлодарда ер қателесіп біреудің көлігін мініп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда ер қателесіп біреудің көлігін мініп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция мәліметінше, оқиға қаладағы ықшамаудандардың бірінде болған.


Павлодарда ер қателесіп біреудің көлігін мініп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция мәліметінше, оқиға қаладағы ықшамаудандардың бірінде болған.

"Полицияға Павлодардың 34 жастағы тұрғыны келіп, Космановтар көшесінің бойынан таңғы 06.30-дан 08.30-ға дейін ВАЗ 21043 автомилі ұрланғаны туралы арыз берген", - делінген Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметің хабарламасында. 

Ер адам өз көлігін жолға жақын қалдырғанын айтты. Көлік есігі жапқан, ал бір сағаттан кейін қайтып келгенде, көлігі қойған орнынан табылмаған. Жоғалған көлікті полицейлер қалалық тұрақтардың бірінен табады. "Күдікті ретінде облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жәбірленушінің автокөлігін өзінің танысының автокөлігімен шатастырған. Ол көлікті көріп, жақын маңдағы автотұраққа алып кеткен", - деді аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (" Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Егер сот күдіктіні кінәлі деп таныса, онда оған бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сонымен қатар, осы бап бойынша екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети