Павлодарда жаппай сатылым өткізген дүкен иесі әкімшілік жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жаппай сатылым өткізген дүкен иесі әкімшілік жауапқа тартылды Видео кадры

Павлодардағы дүкендердің бірінде жаппай сатылым болып, ұзын-сонар кезек жиналған. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы дүкендердің бірінде жаппай сатылым болып, ұзын-сонар кезек жиналған. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Кейіннен бұл видеоның Павлодарда түсірілгені белгілі болды. Дүкен иесі жаппай сатылым жүргізіп, киім-кешекті 500 теңгеден сатқан. Арзан бағаға қызыққан жұрттың көптеп кезекке тұрған.  

Сәйкесінше ешқандай карантин шектеулері сақталмаған. Видео жергілікті басқармалардың қолына түскен. Жаппай сатылым ұйымдастырған дүкен иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Кінәсе дәлелденсе кәсіпкер 640 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

"Бұл бейнежазбаны көріп, бірден оқиға орнына тәртіп сақшыларын жібердік. Фото, видео дәлел тіркелді. Дүкен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды", - дейді Павдлодар қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Александр Сафяников.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети