Павлодарда жүк көлігі екі оқушыны қағып кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жүк көлігі екі оқушыны қағып кетті видео кадры

Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінде қоқыс төгетін жүк көлігі екі оқушыны қағып кетті. Бір бала алған жарақатынан ауруханада қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінде қоқыс төгетін жүк көлігі екі оқушыны қағып кетті. Бір бала алған жарақатынан ауруханада қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видеоны оқиға куәгерлері Instagram желісінде жариялады. Кадрлардан бір баланың "Жаяу жүргіншілер өткелі" белгісінен бірнеше метр жерде қардың үстінде жатқанын көруге болады.

"Бұл жерде көліктер ағылып жатады. Оқушыларды қағып кетті, бағдаршам қою керек, әкімдік", - дейді видео авторы.

Павлодар облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 13 желтоқсанда Павлодар қаласының Солтүстік индустриялық аймағында жол-көлік оқиғасы болды.

"ЗИЛ автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті. Осы факт бойынша тергеу жүріп жатыр", - деді облыстық ДП баспасөз қызметі өкілдері.

Екі бала да жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2012 жылы туған ұл баланың оң жақ аяғы сынған. Травматология бөлімшесіне жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта.

"2010 жылы туған екінші оқушы жамбас сүйегінің көптеген сынуы, ішкі ағзаларының зақымдануы, ішкі қан кету және шап аймағындағы көлемді жаралармен түсті. Реанимация жүргізілді, жарақаттардың салдарынан бала ауруханаға жеткізілгеннен кейін 18 минуттан соң қайтыс болды", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети