04 қазан 2016 | 18:32

Павлодарда кафе қонақтарын тепкінің астына алған күзетшілердің басшысы кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© spetsohrana.ru © spetsohrana.ru

Павлодарда кафе қонақтарын тепкінің астына алған күзетшілер жұмыс істейтін күзет фирмасының басшысы кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда кафе қонақтарын тепкінің астына алған күзетшілер жұмыс істейтін күзет фирмасының басшысы кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Болған оқиғада дөрекілік танытып, қорғаныс шараларын шегінен асырғанымызға өкінеміз. Мұның барлығы эмоцияның салдарынан болғаны үшін жағдайымызды түсінулеріңізді сұраймыз. Павлодар тұрғындарынан кешірім сұраймыз. Барлық қызметкеріміз арнайы оқытылады, қорғану әдістерін жақсы біледі. Ал бұл оқиғада қорғану шаралары шегінен асырылған. Оқиға дерегі бойынша қазір мұқият тексеріс жүргізіліп жатыр, барлық шара жүріп жатыр. Қорғану шараларын шегінен асырғандарға әкімшілік жазадан жұмыстан шығаруға дейін шара қолданылады", - деді "Элекор Кузет" күзет агенттігінің негізін қалаған Руслан Красаев. 

Оның айтуынша, оқиға орнына барған қызметкерлер бұған дейін дөрекілік танытпаған. "Жігіттердің тәжірибесі бар, спортшылар, күш құрылымдарының бұрынғы қызметкерлері, оларға азаматтар алғыс айтқан, құқықбұзушыларды, іздеуде жүрген қауіпті қылмыскерлерді ұстағаны үшін ІІД де марапаттаған, ешқашан олардың үстінен шағым түспеген еді, барлығы тек жақсы қырынан көрінген", - деді Красаев. 

Еске салайық, Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды. Кейін бұл оқиғаның мән-жайы белгілі болған еді.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети