Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Галкин ауылдық округінің екі елді мекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын алдық. Қазір өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ. Өртенген аумақ алдын ала мәлімет бойынша мың гектарға жетеді. Жағдай бақылауға алынды", - деді Павлодар облысы ТЖД басшысы Ернұр Өтегенов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның айтуынша, өрттің таралуына секундына 25 метрмен соққан жел ықпал еткен.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Байханов Instagram-парақшасында өрт Сүгір және Садығашы елді мекендеріне қауіп төндіргенін жазды.
"Өрт шыққан аумақ оқшауланып жатыр. Өртті сөндіруге 183 адам мен 45 техника жұмылды", - деді Байханов.
Өңірдегі ТЖД ақпараты бойынша, Арбиған ауылындағы өрт ошағына жақын жерде өрт сөндіру жұмыстары бойынша жедел штаб құрылған. Республика ТЖМ дағдарыс жағдайын басқару орталығымен тікелей бейне-конференц орнатылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, қарағай орманында 18 сәуірде өрт шыққан. Резерват аумағында құрғақ шөп өртеніп, кейін өрт орманға жайылған. Өрт шыққан аудан 300 гектар болғаны хабарланған еді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!