Павлодарда карантин шектеулері енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда карантин шектеулері енгізіледі © Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында 18 қазаннан бастап бірқатар карантин шектеулері енгізіледі, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында 18 қазаннан бастап бірқатар карантин шектеулері енгізіледі, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары және азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты қысқартылады. Нақтырақ айтқанда, бұл нысандардың жұмысы екі сағатқа қысқартылады, яғни, сағат түнгі 22:00-ге дейін ашық болады. Бұл ережелер облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында көрініс тапты.

Құжат аясында қызмет көрсету салалары нысандарының жұмыс режимі өзгертілді. Сауна, монша, сұлулық салондары мен шаштаразтардың ғимараттары 30 пайызға ғана толуы шарт. Қаулы аясында жексенбіде қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылады. Яғни автобустар мен трамвайларда кешенді дезинфекциялық жұмыстар атқарылмақ.

"Қаулы аясында демалыс күндері сауда орталықтары, жабық азық-түлік дүкендері мен өзге де сауда нысандарының жұмысына шектеу қойылады. Сонымен қатар бір күнге қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Аймақта коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай тұрақты, аздаған өсім бар. Бірақ шектеу шараларын енгізу қажет етіледі", - деді облыстың бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети