13 тамыз 2020 10:45

Павлодарда карантинде туған күн өткізгендердің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда карантинге қарамастан мерейтой өткізген тұрғын жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарда карантинге қарамастан мерейтой өткізген тұрғын жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мониторинг тобы қалада карантинге қарамастан той жасаған тұрғынды анықтады. Топтың құрамына полиция қызметкерлері, қала әкімдігінің өкілдері кірген.

Заң бұзу дерегін топ өкілдері видеоға түсірген.

"Қаладағы кафелердің бірінде түнгі сағат 22.00-де мерейтой өткен. Туған күн иесін құттықтауға 25-тен аса қонақ келген", - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, мониторинг тобы келген кезде дәмханада музыка ойнап, тамада той жүргізіп жатқан.

"Бұл істің материалы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Карантин режимін бұзғаны үшін тұрғын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады", - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети