Павлодарда ҚМА танымал өнімдердің қаптамасына салынған есірткіні анықтады

Павлодарда ҚМА танымал өнімдердің қаптамасына салынған есірткіні анықтады Видеодан кадрлар

Павлодарда есірткі құралдарының заңсыз айналымы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарда есірткі құралдарының заңсыз айналымы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізген.

Жарнама
Жарнама

А.З.Ф. тамақ өнімі кейпінде есірткі заттары араласқан көкнәр тұқымын заңсыз өткізуді ұйымдастырғаны анықталды.

Қылмыстық схемаға күдіктінің жақын туыстары да қатысқан, олардың арасында жеткізу, сақтау, өлшеп-орау және өткізу рөлдері бөлінген.

Жеткізілім басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жүзеге асырылған. Өнім тамаққа қосатын көкнәр мен дәмдеуіштер ретінде сатылып келген.

"Тінту барысында өлшеп-оралған есірткі заттарының қоспалары тәркіленді. Қаражат қолма-қол ақшамен де, банктік аударымдар арқылы да түсіп отырған", - деп хабарлады ведомство.

Есірткінің заңсыз айналымынан түскен табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алған, олар нақты иесін жасыру мақсатында үшінші тұлғаларға рәсімделген.

Сот шешімі

Сот үкімімен А.-ға және оның екі сыбайласына әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді. Сонымен қатар, есірткі заты араласқан салмағы 321 килограмм көкнәр тұқымының партиясы жойылды. Үкім заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: 125 мың доза: Алматы облысындағы жеке үйден есірткі зертханасы табылды

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама