125 мың доза: Алматы облысындағы жеке үйден есірткі зертханасы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

125 мың доза: Алматы облысындағы жеке үйден есірткі зертханасы табылды Бейнеден алынған кадрлар

Алматы облысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың жолын кесті. ІІМ мәліметінше, заңсыз айналымнан 28 киеліден астам дайын есірткі тәркіленді, бұл шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Алматы облысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың жолын кесті. ІІМ мәліметінше, заңсыз айналымнан 28 киеліден астам дайын есірткі тәркіленді, бұл шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Жасырын өндіріс Қарасай ауданының аумағында жұмыс істеген.

Полицияның мәліметінше, 29 жастағы ер адам жеке үй сатып алып, оны синтетикалық есірткі жасауға жабдықтаған. Құрылғылар мен химиялық реагенттерді жеткізу, сондай-ақ өндірісті үйлестіру жұмыстары интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы жүзеге асырылған.

Тінту барысында құқық қорғау органдары 28 келіден астам α-PVP, 880 литр прекурсор мен арнайы зертханалық жабдықтарды тәркілеген.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, табылған партия зертханада өндірілген алғашқы өнім болған.

"Оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Полицияның жедел әрекетінің арқасында есірткінің бір де бір грамы мен дозасы заңсыз айналымға түскен жоқ", - деп атап өтті ол.

ІІМ өкілінің сөзінше, зертхана қызметі аймақ тұрғындары үшін қауіп төндіріп, Алматы облысында синтетикалық есірткі таратудың негізгі орталықтарының біріне айналуы мүмкін еді.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бап санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +19
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +20
П
Павлодар +20
Петропавл +20
С
Семей +21
Т
Талдықорған +24
Тараз +24
Түркістан +16
О
Орал +18
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер