Павлодарда қоқыстан мемлекеттік елтаңбалар табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда қоқыстан мемлекеттік елтаңбалар табылды Фото: pavlodarnews

Экологтар Мемлекеттік рәміздерді үйілген құрылыс қалдықтары арасынан тапты. Қазір полицейлер мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экологтар Мемлекеттік рәміздерді үйілген құрылыс қалдықтары арасынан тапты. Қазір полицейлер мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты тексеру үшін Павлодар қаласының ақпараттық және әлеуметтік даму бөлімі және Ішкі саясат бөлімі өкілдері бар жұмыс тобы оқиға орнына барған. Қоқыс полигоны алюминий зауытынан он шақырым жерде орналасқан болып шықты.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолданбаған тәртіпбұзушыны іздестіріп жатыр.

"Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, Қылмыстық кодекстің 372-бабы "Мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша соталды тергеу басталды", - деді облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Мемлекеттік рәміздерді ауыстыру немесе кәдеге жарату тәртібі арнайы ережелерде белгіленген. Олардың біріне 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөліктерге күйдіру, балқыту немесе ұнтақтау жатады, олар қайта пайдаланылмайтындай пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналады. Тәртіп бұзушыларға 2000 АЕК (6 миллион теңгеден сәл астам) көлемінде айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети