Павлодарда коронавирустан көз жұмғандар ерлі-зайыпты болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда коронавирустан көз жұмғандар ерлі-зайыпты болып шықты Фото: facebook.com/cvODA

Павлодарда COVID-19 вирусын жұқтырған ерлі-зайыпты бір айда көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда COVID-19 вирусын жұқтырған ерлі-зайыпты бір айда көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

54 жастағы павлодардық әйел күйеуінің қазасынан кейін 3 аптадан кейін қайтыс болды.

Медицина қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, ол 30 мамырда инфекциялық госпитальдың жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Әйел ауруханада 1 айдан артық уақыт жатқан.

"Науқас ұзақ жылдар бойы жүрек-қан тамырлары ауруларымен есепте тұрды. Ол қант диабеті, бауырдың созылмалы ауруымен есепте тұрды. 26 сәуірде әйелдің жағдайы күрт нашарлап кетті. Оны жансақтау бөліміне көшіріп, тыныс алу аппаратына қостық. Ал 6 мамырда уақытша тыныс алу аппаратына қостық", - дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлері.

Облыстық денсаулық сақтау департаменті науқастың өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанын айтады.

"Күніне екі рет Нұр-Сұлтан қаласындағы жедел медициналық көмекті үйлестіру ұлттық орталығының сарапшылар тобымен кеңес өткізілді. Қарқынды терапияға қарамастан, 30 мамырда сағат 02:25-те әйел көз жұмды", - дейді қызметкерлер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети