Павлодарда қызды ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда қызды ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды видео кадры

Желіде қызды қатыгездікпен ұрып-соғу сәтінің видеосы тарады. Полиция видеодағы қатысушыларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қызды қатыгездікпен ұрып-соғу сәтінің видеосы тарады. Полиция видеодағы қатысушыларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода бір қыздың жекпе-жек тәсілдерін қолдана отырып, диванда отырған екінші қыздың бетінен қолмен, содан кейін аяқпен ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Бөлмеде тағы бірнеше қыз бар, олар болып жатқан жайтты бақылап, тек біреуі ашуға булыққан құрбысын тоқтатуға әрекет жасайды.

Келесі эпизодта қыз зардап шегушіні жерге құлатып, тағы бірнеше соққы жасайды.

Белгілі болғандай, видео Павлодарда түсірілген. "Барлық қатысушылар анықталды, олар полиция бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деп мәлімдеді Павлодар облысының полиция департаменті.

Расталмаған мәліметтер бойынша, видеода жергілікті колледждердің бірінің кәмелетке толмаған студент қыздары түсірілгені айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети