1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Павлодарда мектеп стадионының құрылысына қатысты тағы шу шықты15 тамыз 2020, 14:55

Мектеп стадионының территориясы сәл болмағанда көпқабатты үй құрылысын бастауға берілетін еді. Бірақ қала прокуроры араласқаннан кейін балаларға қайтарылды. Бірақ бұл жерге қатысты тағы шу шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда мектеп стадионының жер телімін бұрын жалға алған фирманың қызметкерлері көгалдандыру жұмыстарын тоқтатуғы тырысып, жұмысшылар мен арнайы техника өтетін жолды жауып тастаған.

"Бес адам келді де жұмысты тоқтатуды талап етті. Стадионға кіретін жолды көлікпен жапты да, олардың жері екенін айтты. Полицияны шақырдық, патруль учаскесіне баруға тура келді. Біз барлық құжатты, тендерде жеңгенімізді көрсеттік және әкімдікпен келісімшартқа сәйкес құрылыс жүргізіп жатқанымызды айттық. Әне-міне дегенше 1,5 сағат өтті. Осы кезде біздің техникамыз тұрып қалды", - деді мердігер компанияның өкілі Ғизат Боранбаев. 

Оқиға орнына бірден павлодарлық шенеуніктер келген.

"Осы жылдың наурыз айында Павлодар прокуратурасы жер телімін сатып алу-сату шартын заңсыз деп тану туралы арыз жазды. Сот талапты қанағаттандырды. 30 маусымда апелляциялық сот соттың бірінші шешімін күшінде қалдырды. Бұл - негізгі құжат. Қазір бұл - қаланың жері. Сондай-ақ шілде айында қала әкімдігінің жер телімін жалға беру шартын жарамсыз деп тану туралы арызын қанағаттандырды. Бірақ шешім әлі күшіне енген жоқ", - деді Павлодар қаласы Жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуандық Жаминов.

Әкімдіктегілер барлық жұмыс заң аясында жүріп жатқанын айтты.

"Біз құрылысқа тапсырыс берушіміз. Қазір территорияны көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Стадионнан бөлек бұл жерде мини-футбол алаңы, жүгіретін жол болады", - деді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.

Еске салайық, Павлодар прокуроры Айдос Шорманов сот арқылы осы жылдың наурыз айында бизнесменге сатылған мектеп стадионының жер телімін сатып алу-сату келісімшартының күшін жойғызды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!