Павлодарда оқу орындарының бірі мемлекеттік сатып алулар арқылы компьютер мониторын бөлшек сауда құнынан 30 есе қымбатқа сатып алғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда оқу орындарының бірі мемлекеттік сатып алулар арқылы компьютер мониторын бөлшек сауда құнынан 30 есе қымбатқа сатып алғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Павлодар колледждерінің бірі жалпы сомасы 1,6 миллион теңгеге бір сұйық кристалды монитор сатып алуды қарастырған. Алайда мұндай компьютер мониторының орташа бағасы 54 мың теңге. Біздің ұсыныстарымыздан кейін конкурс ұйымдастырушы сатып алу жоспарының бағасын 54 мың теңгеге төмендетті", - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін уақытша атқарушы Дархан Құрақбаев.
Оның айтуынша, оқу орны көрсетілген бағаны өтінім рәсімдеу кезінде кеткен техникалық қате ретінде түсіндірген.
Сонымен қатар, Баянауыл ауданында да осыған ұқсас жағдай анықталды.
"Баянауыл ауданындағы ауылдық округтердің бірінің әкімдігі 312 мың теңгеден екі кеңсе компьютерін сатып алуды жоспарлаған. Мониторинг қорытындысы бойынша сатып алу бағасы 215 мың теңгеге дейін төмендетілді", - деді Құрақбаев.
Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер сатып алынатын тауарларға шекті бағаның көтерілгенін "Сатып алудың бірыңғай терезесі" веб-порталының көмегімен анықтаған.
"Мұндай деректер анықталғаннан кейін біз сатып алу бағасын қайта қарауды ұсындық. Осылайша, жыл басынан бері 40 миллион теңгеден астам қаржы үнемделді, оның ішінде маусымда - 20 миллион теңге", - деп қорытындылады ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!