Павлодарда нан бағасы қымбаттамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда нан бағасы қымбаттамайды ©РИА Новости

"Павлодарда келесі жылғы астық жиым-теріміне дейін нан бағасы өзгеріссіз, тұрақты күйінде қалады" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ірі және ұсақ наубайхана қожайындары "нанның қымбаттауына жол бермейміз" деп уәде берді. "Бүгін облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, кәсіпкерлік және сауда ұйымдары павлодарлық наубайхана қожайындарымен келесі жылғы астық жиым-теріміне дейін нан бағасын қымбаттатпау туралы меморандумға қол қойды" деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов аймақта өткен брифинг барысында. Оның сөзіне қарағанда, аталмыш құжатқа облыс орталығындағы 16 наубайхана қожайындары қол қойған. Наубайханалар сауда тораптарына үстеме ақысы 10 пайыздан аспайтын, бірінші сорт ұннан дайындалған нан жеткізіп отырады. Өз кезегінде, облыс Павлодардағы наубайханаларды қажетті, бірінші сорт ұнмен қамтамасыз етеді. "Биыл бізде астық жетерлік. Бүгінгі таңда жақсы астықтың құны 30 мың теңгеден босатылып отыр, ал бірінші сорт ұнның бағасы - келісіне 40 теңгеден" - дейді Әшімбетов. Сондықтан тұтынушылар үшін нан бағасы сол қалпында қалады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.56  course down  591.85  course up  6.49  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети