31 мамыр 2023 | 10:14

Павлодарда оқу жылының мерзімінен бұрын аяқталу себебі түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодарда оқу жылының мерзімінен бұрын аяқталу себебі түсіндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда оқу жылының мерзімінен бұрын аяқталу себебі түсіндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 мамырда павлодарлықтар Instagram желісінде оқу жылының аяқталуына арналған жиынындағы суреттермен бөлісе бастады. Сол күні бірқатар жергілікті оқу орыны ресми парақшасында мерекелік шаралардан бейнероликтер пайда болды. Кейін ата-аналар мектеп оқушылары мектепке келіп, оқуын жалғастырғанын хабарлады. Бұл Павлодар қаласындағы №5 мектепте болған.

"Менің ұлым үшінші сыныпты бітірді. Біздің мектептегі қоштасу кеші 29 мамырда өтті. Содан кейін балалар сабаққа кетті. Бағалар қойылғандықтан, оқулықтар тапсырылып тастады", - дейді Павлодар түрғыны Ирина Семенова.

Ата-аналардың айтуынша, Павлодардағы кейбір мектептерде 25 мамырда балалар кітаптарын өткізіп тастаған.

"Кіші сыныптар картамен оқиды, алған білімдерін толық бекітеді деген. Жоғары сынып оқушылары да сабаққа тек дәптермен барады. Егер балалар шынымен де соңғы күндері сабақ оқымаса, оқу жылын неге ұзартты?" - дейді ата-аналар.

Айта кету керек, Павлодарда мектептерде әлеуметтік желіде "сөмкесіз бір күн" челленджі тараған болатын. Осыған сәйкес оқушылар мектепке чемодандармен, қоржындармен, тіпті шелектермен келді. Кейбіреулері мысық пен құс торларын тасымалдайтын торларды алып келген. Видеодан кейін әлеуметтік желілерде хабарламалар пайда болды. Желі қолданушылары екі көзқараста болды. Біреулер балалардың шығармашылығына сүйсінсе, енді біреулері балалар мен мұғалімдердің не істерін білмегендеріне наразы болды.

"Енді оқу жылының неге 31 мамырға дейін ұзартылғаны түсінікті болды, тапсырмалар мектеп бағдарламасына сәйкес келмеген", - деді желі қолданушылардың бірі.

Білім басқармасы павлодарлық мектептерде сабақ кестеге сай өтіп, 31 мамырда оқу жылы аяқталады, - деп сендірді.

"29 мамыр мен 31 мамыр аралығындағы сабақтарда әртүрлі қосымша құралдар, карточкалар, үлестірмелі материалдар, бейнежазбалар арқылы оқытылатын материал қайталанады. Дәстүрлі түрде оқу жылының соңғы күндері мектептерде жылды қорытындылау шаралары өткізіледі, онда олар мектеп оқушыларын, түрлі шығармашылық және спорттық сайыстарға, зияткерлік олимпиадаларға белсене қатысып, жоғары көрсеткіштерге қолжеткізген оқушылар мен ұстаздарға құрмет көрсетіледі. Іс-шаралар түрлі форматта, соның ішінде жиындар мен жұлдызды шара түрінде өткізіледі", - деп түсіндірді қалалық білім басқармасы өкілдері.

Павлодар қаласының бас оқытушысы Қуаныш Қыдралиннің мәлімдеуінше, мұндай тәжірибе бұрын да болған.

"Оқу жылы 25 мамырға дейін, яғни 22-24 мамыр аралығында мектеп бітірмейтін сыныптардың оқушыларына мақтау қағаздарын тапсыру жұмыстары жүргізілді. Содан кейін балалар сабаққа баратын. Биыл да ұқсас, тек күндері өзгерді. 31 мамырда Павлодар қаласының барлық мектебінде сабақтан кейін сынып сағаттары, одан кейін мұражайларға, кітапханаларға экскурсия жасау, гүл шоқтарын қою шаралары болады. 1 маусымда 9-11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау болады. Кейбір мектептерде 1 мен 10-сынып оқушылары қатысады", - деді Қыдралин.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы әр мектеп оқушыларының ата-аналары да Tengrinews.kz тілшісіне жағдайдың қалай жүріп жатқанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети