Павлодарда Қазақстанның ең қарт ардагері қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда Қазақстанның ең қарт ардагері қайтыс болды Бұхариден Серімов

Павлодарда Қазақстанның ең қарт ардагері қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда Қазақстанның ең қарт ардагері қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

109 жастағы Бұхариден Серімов Жеңіс күніне бірнеше апта қалғанда қайтыс болды.

Павлодарлықтар ардагерді ақтық сапарға шығарып салды. Бұхариден Серімовпен қоштасуға оның жақындары, достары, таныстары, ардагерлер ұйымының өкілдері, қоғам белсенділері келді. Оның жақындары мен туыстарына әскери достары көңіл айтты.

"Бұхариден Серімов біз үшін үлгі болды және үлгі болып қала береді. Мықты, ер жүрек, өмір сүйгіш адам еді. Бүкіл соғысты көрді, соғыстан кейін ұзақ уақыт еңбек етті, балаларын тәрбиелеп, өсірді. Өте өкінішті, жыл өткен сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады, бізге бейбітшілікті сыйлаған адамдар кетіп жатыр. Барлығын мәңгі есте сақтаймыз", - деді Павлодар ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәкен Намазбаев. 

Айта кетейік, биыл тамызда Бұхариден Серімов 110 жасқа толар еді. Ардагер соғысқа Брянскідегі 639-атқыштар полкінен 33 жасында аттанған. 1942 жылы мамыр айында жараланып, Бакуге госпитальға жіберілген. 53-артиллериялық бригада құрамында ІІ украиналық фронтқа түседі. Бұхариден Серімов барлық соғысты басынан өткеріп, Украина, Польша, Германия қалаларын азат еткен. Жеңіс кезінде Маньчжурияда болған, кейін сол жерде қызмет етіп, шекараны күзеткен. Ордендермен және медальдармен марапатталған, олардың қатарында Даңқ ордені, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордені, сонымен қатар, "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін", "Ерлігі үшін" медальдары бар. Соғыстан кейін үйіне оралған, туған колхозында жұмыс істеді. Үлкен ұлы үйленген соң отбасы Павлодар облысына, кейін Павлодарға көшкен. Майдангердің жеті баласы, 23 немересі, 44 шөбересі және төрт шөпшегі бар.

Ресми деректерге сәйкес, Павлодарда қазір Ұлы Отан соғысының 71 ардагері тұрады. Барлығы да 90 жастан асқан адамдар. Сырқаттарына байланысты олардың көбі төсек тартып қалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети