Павлодарда фермерлер мен шаруа қожалықтарына арналған бизнес-форум өтті. Бұл - пікірталас алаңы форматындағы алғашқы іс-шара, онда жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру, сақтау және сату, сондай-ақ Қазақстанда Көтерме-тарату орталықтарын (КТО) салу мәселелері талқыланды.
Іс-шараны ұйымдастырушы - "Ұлттық сауда-тарату желісі" ЖШС, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында КТО жобасын жүзеге асыратын компания пікірталас алаңын құрды, онда тауар өткізу жүйесінің негізгі қатысушыларымен жеке сөйлесіп, күрделі мәселелерді талқылап, фермерлер үшін оңтайлы шешімдер іздеді.
"КТО - бұл бірлестік, - дейді ҰСТЖ компаниясының бақылау кеңесінің мүшесі Михаил Филиппов. - Бірақ бірлестік зорлық арқылы жүзеге аспауы керек. Біз бірігуге мәжбүрлей алмаймыз. Бұл үшін түсінікті нарықтық алғышарттар болуы керек. Тиісінше, біз соларды жасауымыз керек және қазір оны қалай жасау керегін талқылап жатырмыз".
Форумды ұйымдастырушылардың пікірінше, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерінің шиеленіскен жағдайында КТО-ны жүзеге асыру қажет. Көтерме-тарату жүйесі - Ұлттық тауар өткізу жүйесінің негізі. Біздің елімізде КТО-ның үш түрін құру жоспарланып отыр: сақтау, сауда және тарату.
"Біз көтерме-тарату орталықтарын қолдаймыз, бес жылдан бері айтып келеміз, - деді Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағы басқармасының төрағасы Қайрат Бисетаев. - Картоп өсірушілер мен көкөніс өсірушілер - осы жылдар бойы КТО-ны жақтайтын өндірушілердің бірі. Бізге бұл идея жарияланып қана қоймай, ол қалай жүзеге асырылатыны, картоп өсірушілер мен көкөніс өсірушілер осы жүйеде қандай орын алатыны маңызды.
Біз қос қолдап "қолдаймыз". Бүгінгі диалог алаңы - бұл бизнестегі серіктестердің сындарлы сөйлесуінің алғашқы әрекеті.
2022 жылы Павлодар облысында екі КТО-сақтау құрылысын бастау жоспарланып отыр: Ақсу қаласында картоп пен сәбізді сақтайтын 32 камера, сондай-ақ Мичурино аулында 18 камера. Аталған өңірлерде бір мезгілде сақтаудың жалпы қуаты - 30 мың тоннадан аса өнім. КТО-сақтау өсірілетін дақылдары бар алқаптарға жақын орналасуына байланысты осы елді мекендерде орналасады.
"Бұл іс-шара керек және лайық. Әрине, біз жұмыс тәртібінде қарастыратын мәселелер бар. Бізде КТО жобасын әзірлеушілерге, соның ішінде Тереңкөл ауданында өнімді қабылдау бойынша ұсыныс бар", - деді Павлодардағы бизнес-форумға қатысушылардың бірі, "Береговое-Агро" ӘКК басшысы Арман Китаев.
Өз кезегінде "Эко-Строй проект" ЖШС құрылтайшысы Мұса Әбдіқаев КТО-ны жүзеге асыру көптеген мәселені шешетінін атап өтті. "Делдалдар кетеді, шаруалар сауда желілеріне қол жеткізеді. Бұл тақырып бұрыннан айтылып жүр. Бүгінде көтерме-тарату орталықтары қажет. Тауар өндірушілерге өнімді сапалы сақтау керек", - деді ол.
Еске салайық, КТО желісін құру бойынша жоспарлар былтыр көктемде өткен Үкімет отырысында айтылған болатын.