Павлодарда сөз зергерлері сынға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда сөз зергерлері сынға түсті

15-16 сәуірде болашақ журналистер С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде ХІ Республикалық журналистика олимпиадасы аясында сайысқа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

15-16 сәуірде болашақ журналистер С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде ХІ Республикалық журналистика олимпиадасы аясында сайысқа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталмыш шараға еліміздің әр өңіріндегі 17 жоғарғы оқуо рнынан 51 студент келген. Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланған.

Сайыстың ашылу салтанатында олимпиада өтіп жатқан оқу орнының ректоры Ахметова Гаухан Ғалымқызы сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бірінші күні студенттер өздерін таныстырып, эссе жазса, келесі күні тест тапсырып, жедел ақпарат таратты. Оған қоса, "Ертіс өңірі менің әсерімде" атты тақырыпта 2-3 минуттық бейнеролик түсірді.

Осы орайда, жас журналистерге университет әкімшілігі қаланы аралатып, шағын экскурсия жасады. Олар Мәжһүр Жүсіп Көпеев атындағы мешіт, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі, Ертіс жағалауы сынды Павлодардың көрікті әрі тарихи мекендеріне барды.

Республикалық пән олимпиадасының мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау және талантты студент жастарды қолдау. Олардың кәсіптік шеберлігін көтеріп, қабілет-қарымдарының өлшем деңгейін анықтау.

Камила Долаева

ХАТУ студенті

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети