Павлодарда террористік қауіптің "сары" деңгейі жарияланды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда террористік қауіптің "сары" деңгейі жарияланды

Павлодар облысында 10 күнге террористік қауіптің "сары" деңгейі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында 10 күнге террористік қауіптің "сары" деңгейі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Павлодар облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы басшысының шешімімен 13 қаңтардан бастап 10 тәулікке облыс аумағында террористік қауіптің "сары" деңгейі жарияланды", - делінген өңірдің терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штабының хабарламасында.

Облыс тұрғындарынан құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауды сұрады.

Бұған дейін елордада 13 қаңтардан бастап 14 тәулікке террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі жарияланғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети