Павлодарда Toyota жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, супермаркет есігіне соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда Toyota жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, супермаркет есігіне соқтығысты Фото: t.me/halyqstan

Павлодарда Toyota Mark 2 көлігінің жүргізушісі асқан жылдамдықпен супермаркет есігін бұзып кірді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда Toyota Mark 2 көлігінің жүргізушісі асқан жылдамдықпен супермаркет есігін бұзып кірді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын жариялады.

"Toyota Mark 2 көлігінің жүргізушісі Циолковский көшесі, 33/6 мекенжайындағы автотұрақта қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, тізгінге ие бола алмай, ғимаратқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети