26 қыркүйек 2017 | 13:13

Павлодарда трамвай басып кеткен қыздардың анасы жиналған ақшаның бір бөлігін мүгедек балаларға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда трамвай басып кеткен қыздардың анасы мүгедек балаларға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда трамвай басып кеткен қыздардың анасы мүгедек балаларға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық әйел бірден екі науқас балаға көмектесіп отыр. Шынар Уалитова павлодарлықтар жинап берген қаражатты құлақсыз туылған бір жарым жастағы Алижан мен сал ауруына шалдыққан екі жасар Константин Тренинге аударды.

Айта кетейік, екі баланың да анасы мүгедек балаларды жалғыз асырап отыр. Әкелері балалардан бірден бас тартқан екен. Аналары ақшаны әлеуметтік желілер мен еріктілер арқылы жинап жатыр екен. Шынар Уалитова екі отбасыға 400 мың теңгеден берді.

"Міне, сіздердің емдеріңізге ақша, балаларыңыз ауырмасын", - деді әйел.

"Мен Шынардың бұл әрекетіне қатты таңғалдым. Ол өзінің қызының өліміне әлі уайымдап жүрсе де, басқа адамдарға көмектесіп жатыр. Тек ана жүрегі осындай жақсылық жасайды", - деді Алижанның анасы Алмагүл Шұғайыпова көзіне жас ала отырып. Оның баласына тез арада ем алу керек екен. Бала құлақсыз және қолында алты саусақпен дүниеге келген екен.


Алмагүл Шұғайыпова ұлы Алижанмен.

Константиннің анасы Ольга Тренина да Уалитова алғыс білдірді. Әйел баласын Ресейге ем алуға апармақшы болған екен. "Әрине, бізге ақша керек. Костяны Новосибирскіге емге апару үшін тағы 900 мың теңге керек. Шынар, көмегіңізге рақмет. Кез келген адам мұндай қадамға бармайды", - деді Ольга Тренина.


Константин Трениннің анасы мен әжесі. © Роза Мустафина

Айта кетейік, павлодарлық Шынар Уалитованың отбасына 8,5 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер алып берген болатын. Барлығы 20 миллион теңге жиналған. 

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети