04 қазан 2019 | 09:20

Павлодарда түрме ғимараты аукцион арқылы 122,5 миллион теңгеге сатылғалы жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Колония ғимараты. © "Астана" телеарнасының кадры Колония ғимараты. © "Астана" телеарнасының кадры

Павлодарда түрме ғимараты аукцион арқылы сатылады. Кешеннің бастапқы құны 122 жарым миллион теңгеден асып жығылды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда түрме ғимараты аукцион арқылы сатылады. Кешеннің бастапқы құны 122 жарым миллион теңгеден асып жығылды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Телеарна журналистерінің мәліметінше, 2014 жылдан бері қаңырап бос тұрған түзету мекемесі жазасын өтеушілердің аздығынан жабылып қалған. Бір айта кетерлігі, мұнда туберкулезге шалдыққан қылмыскерлер жазасын өтепті. Бұған дейін түрмеде 124 сотталушы болған. Оның барлығы басқа абықтыларға жіберілген. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, аукцион 15 қазанда электронды түрде жүргізіледі. Қамау мекемесі 24 нысаннан құралған. Оның ішінде жатақхана, асхана, әкімшілік корпустармен қатар қоймалар да бар. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метр. 

"Егер бұл күні сатылмаса, 20 жұмыс күннен кейін бағаны төмендету әдісімен жүргізіледі сауда саттық. Яғни, мұнда баға 50 пайызға дейін төмендеу мүмкін. Егер, сол кезде де сатылмаса, онда үшінші рет бағаны төмендету әдісімен қойылады. Онда ең төменгі баға белгіленбейді", - дейді облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы Ләззат Естаева.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети