31 қазан 2019 | 14:18

Павлодарда үш баланың анасы көпірден секірмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда әйел адам Ертіс өзені көпірінен секірмек болған, деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда әйел адам Ертіс өзені көпірінен секірмек болған, деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 30 қазан күні сағат 17:35-те "Ақжол" БП-де кезекші полиция қызметкерлеріне жүргізуші Бауыржан Мәулімбергенов жүгінген. Жүргізуші белгісіз әйел көпірден секірмек болғанын хабарлаған.

"Мен өз шаруаларыммен Ленин кентіне барып, сағат 17:30-да қалаға қайтып келе жатқанмын. Павлодар қаласы жағына қарай келе жатқан кезде көпірден секірмекші болған әйелді байқадым. Оның ниетін түсініп, бірден тоқтадым да сол жаққа қарай жүгірдім. Жүгірген кезде әйел адам көпірдің шетінде отырып, секірмек болды. Аз уақыттың ішінде жақындап, артынан ұстадым да жерге түсірдім. Одан алкоголь иісі шығып тұрды. Жылап отырған әйел өмірі ауыр екенін және шаршағанын айтты. Мен барынша сабырға шақырдым. Бұдан кейін полиция қызметкерлерінің қолына тапсырдым", - дейді ", - дейді Бауыржан Мәулімбергенов.

30 жастағы азаматшаның үш кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды. Сол күні өз туыстарымен ұрысып қалып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

"Бауыржан Мәулімбергенов 45 жаста. Жүргізуші. Өзін батыр деп санамайды. Ол оның орнында әркім осындай әрекет жасайды деп санайды", - деді департамент өкілдері.

Облыстық полиция департаментінің басшылығы үш баланың анасын құтқарған батырды марапаттау туралы бұйрық дайындап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети