Павлодардағы жантүршігерлік оқиғаға оқушылар куә болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы жантүршігерлік оқиғаға оқушылар куә болған Фото ©️ Tengrinews.kz

Павлодарда жантүршігерлік оқиға болды: әйел көпқабатты үйдің терезесінен екі кішкентай баласын лақтырып, кейін өзі секірген. Tengrinews.kz тілшісі білген мәлімет бойынша, оқиғаға аулада ойнап жүрген балалар куә болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жантүршігерлік оқиға болды: әйел көпқабатты үйдің терезесінен екі кішкентай баласын лақтырып, кейін өзі секірген. Tengrinews.kz тілшісі білген мәлімет бойынша, оқиғаға аулада ойнап жүрген балалар куә болған.

Оқиға 30 шілдеде күндіз, Павлодар аудандарының бірінде болған. Аулада болған балалардың айтуынша, алдымен қатты айқай естіген, содан кейін жоғарғы қабаттың терезесінен екі кішкентай баланың құлағанын көрген. Бірнеше секундтан кейін әйелдің өзі де секіріп кеткен. Қорқып кеткен мектеп оқушылары үлкендерді шақырып, болған жайды айтып берген.

"Ол: "Шетке тұрыңдаршы, өтініш, басқа жақта ойнаңдар", – деді. Сосын кішкентай ұл баланың терезе жақта тұрғанын көрдім, ол оны лақтырып жіберді, содан кейін үлкен баланы, кейін өзі секіріп кетті", – деді балалардың бірі.

Полиция қызметкерлері баланың ата-анасының қатысуымен берген куәлігін жазып алды.

Қайғылы жағдайдың куәсі болған балалар бұл әйелдің бұған дейін де терезеден секіруге әрекет жасағанын айтты.

Айта кетейік, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы балалардың жағдайы туралы мәлімет берді.

"2024 жылы туған бала клиникалық өлім жағдайында жеткізілді, қабылдау бөлмесінде реанимациялық шаралар жүргізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы 3-дәрежелі травматикалық шок, 3-дәрежелі кома, көлемді бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің көптеген зақымдануы, бас миының контузиясы, ішкі ағзалардың контузиясы салдарынан өте ауыр", - делінген хабарламада.

2017 жылы туған баланың бассүйек-миы жабық жарақаттанған, миы шайқалған, жамбас сүйегі сынған, ішкі ағзалары зақымдалған. Оның жағдайы ауыр, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ведомство мәліметінше, барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр.

1991 жылы туған әйел есін біледі, жағдайы ауыр деп бағаланады. Жабық бас-ми жарақаты, аяқ-қол сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.

Облыстық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Есек салайық, 30 шілдеде Павлодардағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан үйдің 4 және 5 қабаттарының арасындағы кіреберіс терезесінен екі бала мен әйел құлағаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети