Павлодардағы кафелердің бірінде болған аяусыз ұрып-соғу оқиғасының мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы кафелердің бірінде болған аяусыз ұрып-соғу оқиғасының мән-жайы анықталды Видео кадрлары

Күзет агенттігіндегілер Павлодардағы кафеде ұрып-соғу оқиғасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күзет агенттігіндегілер Павлодардағы кафеде ұрып-соғу оқиғасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Агенттік пультіне "BOSSFOR" кафесінен хабар келіп түсті, бұл хабар 6-7 адамның есеп айырыспай, мекеме жұмысшыларымен қақтығысқаны туралы еді. Қазіргі уақытта кафе біздің агенттіктің қарауында, сондықтан күзет тобы оқиға орнына шықты. Кафеге барған қызметкерлеріміз қонақтарды сабырға шақырмақ болды. Бірақ кафе қонақтары біздің қызметкерді ұрды, автоматын тартып алмақ болды. Осыдан кейін қосымша күш шақыртылды. Оқиға орнына күзетшілерімізден тұратын екі топ барды", - деді "Элекор Кузет" күзет агенттігінің жетекшісі Эдуард Безо.

Оның айтуынша, күзет фирмасының қызметкерлерінің әрекетінің заңдылығы тексеріліп жатыр. "Біз қазір осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатырмыз. Біздің қызметкерлер облыстық ІІД-ге барды. Видеоматериал тексеріліп жатыр, оқиға орнына барған қызметкерлерден түсінтеме алдық", - деді Эдуард Безо.

Күзет фирмасындағылар видеоны әлеуметтік желіге таратуды арандату деп есептейді екен. "Видеоның бірінші бөлігінде кафе қонақтарының күзетшілерге қатысты күш қолданғанын көруге болады. Бірақ екінші бөлігі ғана таралып жатыр. Бұл арандату мақсатында жасалды деп есептейміз", - деді Эдуард Безо.

Еске салайық, Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды. 

Видеода былапыт сөздер айтылады!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети