13 мамыр 2015 15:38

Павлодардағы көпірдің құлау себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Евгений Шультайс © Евгений Шультайс

Павлодардағы көпірдің қирауына канализация құдығы себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 12 мамырда көпірдің бір бөлігі құлап түскен болатын.


Павлодардағы көпірдің қирауына канализация құдығы себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 12 мамырда көпірдің бір бөлігі құлап түскен болатын.

"Алдын ала белгілі болғандай, канализация құдығы орналасқан бетон-асфальт жолының астындағы топырақ үгітіліп кеткен. Ағын су құдықты шайып кетіп, нәтижесінде көпірдің бір бөлігі құлаған. Судың неліктен ағып кеткені әзірше белгісіз. Оның себебі канализация құбырының жарылуы немесе еріген қар суы болуы мүмкін", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір канализация құдығының кімге тиесілі екені анықталып жатыр. "Кейбір ақпараттар бойынша, құдық КТЖ-ға тиесілі. Бірақ бұл ақпарат расталған жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер. Қазір жергілікті билік көпірдің қирау себебі мен келген шығынды анықтап жатыр.

"ТЖ басқармасының қызметкерлері оқиға орнына барды. Қазір біз көпірдің жағдайын бағалап, оны орнына келтіру үшін жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандарды тағайындап жатырмыз. Сарапшылардың шешімі шыққаннан кейін смета жасалып, көпірді қалпына келтіруге керек қаржыны бөлу мәселелері қаралатын болады", - деді әкімнің орынбасары Ержан Иманзайыпов.

Еске сала кетейік, 2 мамырда Павлодарда Кутузов көпірінің бір бөлігі құлап түскен болатын. Нәтижесінде көпірдегі қозғалыс шектелді. Өткен жылы 130 миллион теңге бөлініп, көпірдің жөндеуден өткені белгілі болды. Бірақ жергілікті билік көпірдің жөндеуден өткенін жоққа шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети