19 шілде 2021 | 11:37

Павлодардың жаңа әкімі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асаин Байханов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды. Жаңа қала басшысын Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Асаин Байханов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды. Жаңа қала басшысын Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодардың жаңа әкімінің кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігінде келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды. Әбілқайыр Сқақов жаңа қала басшысына жұмыстағы негізгі басымдықтарды атап өтті.

Байханов 2020 жылы наурыздан бері Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, бұған дейін 2015 жылы "ҚазАгроӨнім" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған, ал 2009-2015 жылдары ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысқан.

Асаин Байханов үйленген, төрт баласы бар. 

Ал облыс орталығының әкімі қызметін бір жылға жуық атқарған 49 жастағы Ержан Иманслям жаңа қызметке ауысты, ол қала маңындағы Павлодар ауданының әкімі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети