"Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
"Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тексеру жүргізді.
Мұнай-химия зауыты иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен және құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамағаны анықталды.
"Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 297 - бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді", - делінген Энергетика министрлігінің ресми хабарламасында.